Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 137 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 сәуірдегі
№ 137 Бұйрығымен бекітілген
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.