(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕЛЕРДІ ЛОЦМАНДЫҚ АЛЫП ӨТУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛ...

Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 646 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2016 жылғы 5 қыркүйектегі

№ 646 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру
қағидалары


1-таpay. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.