«Қорғау бейіндерін және Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 105/НҚ бұйрығы (2026.12.07. берілген өзгерістермен)

Қорғау бейіндерін және Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 105/НҚ бұйрығы

(2026.12.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық аму министрінің 2026.03.07. № 380/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық аму министрінің 2026.03.07. № 380/НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қорғау бейіндері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.