«Қосалқыларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелері үшін орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 92 бұйрығы (күші жойылды)

Қосалқыларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелері үшін орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 92 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 391 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 698-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қосалқыларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелері үшін орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

2. «Өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1-1/1133 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12792 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.