«Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 274 бұйрығы

 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 274 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен (учаскемен) жүру үшін ақы алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және

инфрақұрылымдық

даму министрінің

міндетін атқарушы

2023 жылғы 24 сәуірдегі

№ 274 бұйрығына

қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.