«Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 19-2/508 бұйрығы (күші жойылды)

Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 19-2/508 бұйрығы

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 110-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жылғы 25 маусым

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 3 шілде

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінiң

2015 жылғы 1 маусымдағы

№ 19-2/508 бұйрығымен бекiтілген

 

 

Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық,
санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету
талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.