«Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2025 жылғы 7 қарашадағы № 567/НҚ бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығымен 2026 ж. 12 шілдеден бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 306) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;