«Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбедегі кейбір бұйрықтар күшін жойды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің цифрлық ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

2026 жылғы 2 маусымдағы

№ 279/НҚ бұйрықпен бекітілген

 

 

Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және

жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау

 қағидалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.