Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 336 Қаулысы
(2023.16.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1056 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2023.01.09. № 757 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2023.01.09. № 757 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.