«Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 354-НҚ бұйрығы

 «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 354-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35906 тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу қағидаларында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес әзірленді және волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.