«Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығы (2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығы

(2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 246) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.27.09. № 399 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың акт нысандары:»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісі;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.