«Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 399 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11592 болып тіркелді, 2015 жылы 21 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру тәртібі»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталғаннан (айқындалғаннан) кейін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 802, 803, 804-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ресімдейді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: