(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.19.01 № 130 ҚАУЛЫСЫ

Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 Қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіле

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 19 қаңтардағы

№ 130 қаулысымен

бекітілген

 

 

Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың

үлгі қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.