Қаржыландыру көздеріне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша сараптама жұмыстар жүргізудің бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 167 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша сараптама жұмыстар жүргізудің бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.