Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 709 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтарын қаржыландыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтарын қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-4) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленді және Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтарын қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) активтер - құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар, сондай-ақ мәдениет орталығының меншігіндегі мәдени құндылықтар;
2) бюджет - белгілі бір қаржы жылына арналған шығыстар мен кірістер жоспары;
3) кірістер - мәдениет орталығы қызметінің нәтижесінде, сондай-ақ ерікті қайырмалдық және қайырымдылық көмектен алынған ақшалай қаражат;
4) қабылдаушы тарап - аумағында мәдениет орталығы орналасқан шет мемлекет;
5) Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталығы (бұдан әрі - мәдениет орталығы) - білім беру әлеуетін, ғылыми және мәдени әлеуетті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарын дамыту және тарату мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ұйым;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.