Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2020 жылғы 3 маусымдағы
№ 15 бұйрығына
3-қосымша
Осы редакция 2020 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Академия) педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-2 бабының 10), 11) тармақшаларына сәйкес әзірленген және Академия штаттық кестесінде қарастырылған педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының тәртібін анықтайды.
2. Педагог, ғылыми жұмыскердің бос лауазымына орналасуға конкурс бос лауазым болған кезде Академиямен жүзеге асырылады.
3. Академияның педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасуға конкурсқа осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Академияның педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі - біліктілік сипаттамалары) сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.
2-тарау. Конкурс туралы хабарландыру
4. Академияда педагогтың, ғылыми жұмыскердің бос лауазымы болған жағдайда, Академия конкурс өткізу туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Академияның сайтында орналастырады.
5. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.
6. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) біліктілік сипаттамаларын көрсете отырып педагогтердің, ғылыми жұмыскерлердің бос лауазымының ататуы;
2) Академияның орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, телефоны көрсетілген атауы;