Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығы
(2023.23.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Жоғарғы Сотының төрағасының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 1 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-2-бабының 7), 8), 10) және 11) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары;