Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Соты Төрағасының

2020 жылғы 3 маусымдағы

№ 15 бұйрығына

1-қосымша

 

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 1 бұйрығымен күші жойылды

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру
қағидалары


1-Тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі - Академия) оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) автор - шығармашылық еңбегімен оқулық басылымы, әдістемелік кешен дайындаған жеке тұлға;

2) авторлық ұжым - серіктес тең автор ретіндегі жеке тұлғалар тобы;

3) оқулық басылымдар, оқу-әдістемелік кешендерінің мониторингі - оқулық басылымды, оқу-әдістемелік кешендерді білім беру ұйымдарындағы оқу процесіне енгізу нәтижелері жөніндегі ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;

4) оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерін сынақтан өткізу - білім беру ұйымдарының оқыту процесінде оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерді пайдалану практикасын енгізу және кешенді зерделеу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.