Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өңірлік әскери-тергеу басқармаларының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 374 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өңірлік әскери-тергеу басқармалары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өңірлік әскери-тергеу басқармаларының бастықтары заңда белгіленген тәртіпте құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді әділет органдарында тіркеуді қамтамсыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.