«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы №328 қаулысымен бекітілген) (2019.30.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 120 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.06.01. № 9 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 21 қазандағы

 №328 қаулысымен

бекітілген

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 125 Қаулысымен күші жойылды

 

«Ветеринариялық анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.30.07. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар - аудандар мен Орал қаласының «Ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді) бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - ветеринариялық анықтама немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларға және негіздерге сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту туралы дәлелді жауап) болып табылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.