Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 9 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 125 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4152 тіркелген, 2015 жылғы 26, 29 желтоқсандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімідігінің қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К.К.Ташимов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына қосымша
2015 жылғы 27 қазандағы № 328
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің