Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 329 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 384 бұйрығымен күші жойылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы № 562-ІV Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.