Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы
(2024.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.02.06. № 198 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.28.01. № 90 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.05.04. № 145 бұйрығымен (2023 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.25.07. № 334 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3 бабының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 88) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.02.06. № 198 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.28.01. № 90 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.05.04. № 145 бұйрығымен (2023 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай: