«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 77 бұйрығы

«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 77 бұйрығы

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1443) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:

3-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) академиялық оралымдылық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) (ел ішінде немесе шетелде) меңгерілген білім беретін оқу бағдарламаларын міндетті түрде өзінің ЖЖОКБҰ-да кредиттер түрінде қайта тапсыра отырып немесе басқа ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастыру үшін ауыстыру;»;

4) тармақша алынып тасталсын;

13- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Тәуелсіз сараптамалық комиссиясы:

мамандық, шетелдік ЖЖОКБҰ мен оқу елін таңдаудың саналы және дәлелді деңгейін;

шетелде оқу үшін даярлау деңгейін анықтау үшін үміткерлермен тақ саннан тұратын, бірақ кемінде 5 (бес) мүшеден тұратын жеке әңгімелесу өткізеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.