«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығы (2025.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығы

(2025.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.30.12. № 549 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.08.01. № 15 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2025.31.03. № 149 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.30.12. № 549 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.08.01. № 15 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары бекітілсін.

2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрі

М. Тәжин

26 желтоқсан 2008 жыл

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.04.01.№ 1 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.14.05. № 203 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.