«Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1443) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы.»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге оқуға жіберу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә. Нұрмағамбетов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.