Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығы
(2016.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 4 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.30.12. № 549 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.08.01. № 15 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.30.12. № 549 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.08.01. № 15 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.