«Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсынуға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 651 бұйрығы (2026.17.10. берілген өзгерістермен)

Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсынуға байланысты кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 651 бұйрығы

(2026.17.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2026.30.09. № 664 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағына, 113-бабы 2-тармағына, 133-бабы 1, 6 және 7-тармақтарына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) туралы өтініштің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну немесе одан бас тарту туралы шешімнің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну қағидалары мен шарттары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеуді қамтамасыз ету үшін мүлікті кепілге қоюдың үлгілік шарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.