«Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығы (күші жойылды)

Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығы

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 436 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице - министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 20 шілдедегі

№ 546 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау ережесі (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабына 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің су бұру жүйелеріне (бұдан әрі - су бұру жүйесі) ағынды суларды қабылдау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.