«Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 13-42 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-68 шешімі

Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 13-42 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-68 шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10886 тіркелген) сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 13-42 шешімімен бекітілген Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«3-1) ірі габаритті қалдықтар - мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«7-1) мамандандырылған ұйымдар - коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.