(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АДАМДЫ САУДАҒА САЛҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АНЫҚТАЙТЫ...

Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2012 жыл 29 желтоқсандағы № 7 нормативтік қаулысы

(2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «133», «132-1», «270» деген цифрлар тиісінше «135», «134», «308» деген цифрлармен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Адамды саудаға салуға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды дұрыс әрі біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілікті анықтайтын заңнаманың дұрыс қолданылуы адамның құқықтары мен бостандықтарын тиісінше қамтамасыз ететініне қылмыстық процесті жүргізуші органдардың назары аударылсын.

Адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар деп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 116-бабында, 125-бабының үшінші бөлігінің 2 тармағында, 126-бабының үшінші бөлігінің 2 тармағында, 128, 134, 135, 308, 309-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар танылады.

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. ҚК 128 және 135-баптарында көзделген қылмыстардың объективті жағы адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғуды білдіреді және адамды сатып алу-сату немесе адамға қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, оны пайдалану, азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасаудан байқалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.