«Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарушы адамдардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 121 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарушы адамдардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 121 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарушы тұлғалардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 116 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32549 болып тіркелген);

2) «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 және «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 18 мамырдағы № 116 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 49 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38166 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.