Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Ұлан-Батыр, 2024 ж. 29 қазан) (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі

арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы

келісім

(Ұлан-Батыр, 2024 ж. 29 қазан)

 

ҚР 2026 жылғы 9 ақпандағы № 261-VIII Заңымен ратификацияланды

2026 ж. 1 сәуірде күшіне енді

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар) зейнетақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ұмтылуды басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап
Негізгі ұғымдар

 

1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

«тұратын мемлекеті» - аумағында өтініш беруші тұрақты тұратын мемлекет;

«заңнама» - Тараптар мемлекеттерінің зейнетақыларды тағайындау және төлеу мәселелерін реттейтін заңдары мен басқа да құқықтық актілері;

«өтініш беруші» - зейнетақы тағайындауға өтініш білдірген адам не оның атынан әрекет ететін және оның мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адам;

«құзыретті орган» - осы Келісімді іске асыратын Тараптардың мекемесі және (немесе) ұйымы;

«тұрғылықты жері» - Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес айқындалатын немесе сондай деп танылатын өтініш берушінің тұрақты тұратын жері;

«зейнетақылар» - осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері;

«дербес деректер» - өтініш берушіге (зейнетақы алушыға) қатысты электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер;

«зейнетақы алушы» - осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көзделген зейнетақы тағайындалған адам;

«еңбек (сақтандыру) өтілі» - жұмыс және (немесе) сақтандыру зейнетақы жарналарын төлеу кезеңдері, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өзге де кезеңдер;

«уәкілетті орган»:

Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

Моңғолияда - Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.