«Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 329 бұйрығы

Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 329 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2025 жылғы 15 тамыздағы

№ 329 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібі


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссияларының тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.