Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 80/9 шешімі
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | К. Кожин |
2023 жылғы 24 қарашадағы
№ 80/9 шешіміне қосымша
Павлодар қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі «Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары» № 282/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3930 болып тіркелді);