Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 56 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар):
5-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексерістің қорытындылары;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның, конкурсты жариялаған прокуратура органының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.