«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Бас Прокуроры

 

Б. Асылов

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

2023 жылғы 13 қаңтардағы

№ 18 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8585 болып тіркелген).

2. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561 болып тіркелген).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.