Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығы
(2025.11.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.26.05. № 123 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тәрбие жұмысының бағдарламасын жаңарту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтай отырысында берілген тапсырмалар хаттамасының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.26.05. № 123 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025.11.12. № 281 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бекітілсін.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.26.05. № 123 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025.11.12. № 281 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры (Е.Б. Қалмақов):
1) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдардың (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;
2) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 2024-2025 оқу жылынан бастап республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына енгізуді бастасын;
3) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылуын қамтамасыз етсін.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.26.05. № 123 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары: