«Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығы

«Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай отырысында берілген тапсырмалар хаттамасының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы»;

бұйрықтың 1, 2 және 3-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарындағы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті (Е.Б. Қалмақов):

1) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;

2) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 2024-2025 оқу жылынан бастап республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына енгізуді бастасын;

3) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында іске асыруды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары:

1) осы бұйрықты аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, меншік нысанына қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.