Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 1/77 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1738 болып тіркелген);