Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 Қаулысы
(2024.26.10. берілген өзгерістермен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 1/77 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5 бабының 7) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы бекітілсін.
2. Алматы қаласы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы» 2012 жылғы 6 қарашадағы № 4/945 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 956 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2024.27.09. № 3/523 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2024 ж. 26 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 3/496 Қаулыға қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы