«Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығы (2023.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығы

(2023.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021.29.04. № 152 және ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.29.04. № 195 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2023.15.02. № 69 және ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.16.02. № 54 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 178-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және 129-бабының 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021.29.04. № 152 және ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.29.04. № 195 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.