Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VII сессиясының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешiмi
Осы редакция 2023 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
2023 жылғы 9 тамыздағы
№ 37 шешіміне
қосымша
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу
қағидасы
1. Осы әлеуметтік көмек көрсету және Алматы қаласында Коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыға сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады: