Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 286 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібі осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің «Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5127 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары О.Бекбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аким Аягозского района | Қ. Әділбай |
2024 жылғы 17 шілдедегі
№ 286 қаулысына
1-қосымша
Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың
тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер