Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 339 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 4391 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кентау қаласының әкімі | Ж. Тасов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Кентау қалалық
мәслихаты
2024 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 339 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;