Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 16/1 шешімі
(2025.16.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы | К. Жангужинов |
Шал ақын ауданы мәслихатының
2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 16/1 шешіміне 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер