«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары:

1) Операциялық жоспарда көзделген мерзімде іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын;

2) Операциялық жоспардың орындалуы туралы есепті Агенттіктің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне (бұдан әрі - СЖТД) тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін беруді қамтамасыз етсін.

3. СЖТД:

1) Операциялық жоспарды Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) Операциялық жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Агенттіктің Төрағасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға

Д. Жазықбаев

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2023 жылғы 6 қаңтардағы

№ 4 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылға арналған

 операциялық жоспары

 

1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

 

I. Даму жоспарының мақсаттарына, макроиндикаторларына және нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар

1-стратегиялық бағыт. Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызмет

Макроиндикаторлар

1-нысаналы индикатор. Меритократия принципін сақтау деңгейі (2023 жылы - 63,4%)

1.1-мақсат. Адами ресурстар сапасын жақсарту және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру

Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланыстырылған нысаналы индикаторлар

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.