(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАЗА КІРІ...

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығы

(2017.20.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.20.01. № 14 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.20.01. № 14 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 26 ақпандағы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.20.01. № 14 бұйрығымен аудару нормативі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 25 ақпандағы

№ 134 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.