Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1053 бұйрығы
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 119-НҚ бұйрығымен күші жойылды
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 28-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.