«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 119-НҚ бұйрығы

Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 119-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.

2. «Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1053 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12635 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2025 жылдың 10 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация министрі

2025 жылғы 9 маусымдағы

№ 119-НҚ бұйрыққа

қосымша

 

 

Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.